Хакиң, дауыс ұрлау, дағдарыс: Сайлау туралы деректі 5 фильм

Басқа елдерде сайлау қалай өтетінін білейік


11/12/2020
11:27 9120 0

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан азаматтары заң шығарушы орган — парламент пен жергілікті өкілдер органы — мәслихатқа депутаттар сайлайды. 

 

Осыған орай сайлау туралы деректі бес фильмді тізіп шықтық. Бұрын көркем фильмдер топтамасын жасаған едік.

 

 

«ҰЛЫ ХАКИҢ»   

 

«Ұлы хакиң» фильмі Cambridge Analytica мен Facebook компаниялары жүздеген сайлауға, әсіресе 2016 жылы АҚШ президентін сайлау мен Ұлыбританияның «Брексит» референдумына қалай әсер еткенін көрсетеді. 

 

 

«КОНГРЕСКЕ КІРУ»

 

Туынды 2018 жылы АҚШ Конгресіне (парламент) сайланғысы келген төрт әйелдің сайлауалды кампаниясы туралы. Ол әйелдердің арасында қазіргі Конгрестің ең жас мүшесі Александрия Окасио-Кортес те бар. 

 

Фильмді YouTube-тан тегін қарауға болады

 

 

«МЕНІҢ ЕЛІМ, МЕНІҢ ЕЛІМ» 

 

Бұл фильмнің басты кейіпкері — Ирак дәрігері Санни. Ол 2005 жылы АҚШ, Австралия мен БҰҰ бақылауымен өтетін парламент сайлауға қатыспақшы. Өзі бұл оккупацияға қарсы және елінде демократия орнатуға ниетті. Фильм авторы сол дәрігердің күнделікті өмірі арқылы Ирак сайлауға қалай дайындалғанын көрсетеді. 

 

Айтпақшы, бұл фильм Оскар сыйлығынан үмкіткер болған, сонымен қатар оны АҚШ ұлттық қауіпсіздік министрлігі аса қауіпті материалдар қатарына енгізген.

 

Тарихтан мағлұмат: 2003 жылы АҚШ пен оның одақтастары Саддам Хуссейн диктатурасын жою үшін Иракқа басып кіреді. Содан кейін бұл елді бірнеше жыл оккупациялайды. 

 

 

«ДЕМОКРАТИЯНЫ БҰЗУ»

 

2000 және 2004 жылдары АҚШ президентін сайлауда алғаш рет электрон дауыс беру жүйесі қолданылады. Кейін бұл технология Еуропа елдері, Канада мен Латын Америкасының сайлауына да енгізіледі. Машиналар бюллетеньдердің 90 %-ын оп-оңай санап бере алады. Бірақ бұл жүйенің ешқандай кемшілігі жоқ па? «Демократияны бұзу» фильмі де осыны зерттеп көріп, сайлаушы дауысы ұрлана алатынын, оның мәңгі құпия қалмайтынын анықтайды. 

 

Айтпақшы, бұл фильм Emmy сыйлығынан «Үздік журналистика зерттеуі» номинациясы бойынша үміткер болған. 

 

 

«БІЗДІҢ БРЕНД — ДАҒДАРЫС»

 

1993–1997 жылдар аралығында Боливия президенті болған Гонсало Санчес де Лосада 2002 жылы да мемлекет басшысы болғысы келеді. Алдыңғы президенттік кезінде жасаған реформалары Боливия халқына жақпай, іске аспай қалады. Енді сол қатесін қайталамау үшін Гонсало кезінде АҚШ президенті Билл Клинтонның сайлауалды тобында болған саяси технологтарды шақырады. 

 

«Біздің бренд — дағдарыс» саяси технологтар елде ұмыт болып кеткен кандидатты қалай тағы бір рет президент қылғанын, жарнама, үгіт-насихат адам көзқарасына қалай әсер ететінін зерттейді.

 

Айтпақшы, бұл фильмнің желісімен көркем фильм түсірілген. Оның атауы да «Біздің бренд — дағдарыс». Басты рольді Сандра Буллок ойнайды. 

 

 

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

11/12/2020 11:27
9120 0

Уведомление